«Бір емес, үш қуаныш»: Мөлдір Мұқан сүйінші жаңалығын бөлісті
1048
Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің жариялаған видеосында әнші Жазира Байырбекова олардың шаңырағында бірден бірнеше қуанышты оқиға болып жатқанын айтты.
«Мөлдірдің шаңырағында үлкен қуаныш! Бір қуаныш емес, үш қуаныш. Бірі мектеп бітіріп жатыр, бірі университет тәмамдап жатыр, ал тағы бірі сүндетке отырып, мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Қандай бақытты анасың! Аллаға шүкір! Осы бақытың еселене берсін», – деді Жазира Байырбекова.
Өз кезегінде Мөлдір Мұқан алдағы тойға дайындық қызу жүріп жатқанын жеткізді.
«Әр шаңырақта осындай той болсын! Өте қуаныштымыз! Қандай той болғалы жатқанын жасырып жүрген едім. Жазоктай айтып қойды. Тойға қатысты ұсыныстарыңызды тыңдауға әзірмін», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
10.08.2026
18:48
Петропавл орталығында әйелдердің гигиеналық зат...
10.08.2026
17:07
Жиһанкез: Ингушетияда қазақпын десем, үйіне қон...
10.08.2026
16:40
Марқұм Арман Дүйсеновтің жесірі ұлының өліміне ...
10.08.2026
16:37
«Кезекті ақшаға жылжытқан»: «Отбасы банктің» қы...
10.08.2026
16:35
Қазақстанда 129 мың зейнеткер ет алуға қиналады...
10.08.2026
16:30
Исламтанушы: Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде пері...