Бүркіт пен Аиша тағы да балалы болатынын жария етті

Бүркіт пен Аиша тағы да балалы болатынын жария етті
ашық дереккөз

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша жақында тағы да балалы болатынын хабарлады. Ерлі-зайыпты желідегілердің болжамын растап, төртінші сәбиін күтіп жүргендерін айтты.

Бұл қуанышты жаңалығын әнші Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізді. Жұлдызды әке отбасымен Балидегі демалыстан видео жариялап, оның астына ерекше жазба қалдырды. "Әйеліңнің аяғы ауыр кезде бар қалауын орындайсың", - деп жазды Бүркіт.

Желі қолданушылары ерлі-зайыпты үшін қуанып, оларға жылы лебізін жарыса білдірді. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу