Бұрынғы танымал футболшы жол апатынан көз жұмды

Францияның "Монако" клубының және Хорватия ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Никола Покривач жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол небәрі 39 жаста еді. Бұл туралы Oxu.Az Хорватия футбол федерациясының (HNS) ресми сайтына сілтеме жасап мәлімдеді.
Хорватия футбол одағының хабарламасында:
"2015 жылдан бері Никола Покривач ауыр дертпен күресіп, осы себепті кәсіби мансабын аяқтаған болатын. Алайда көп ұзамай төменгі дивизиондағы клубтардың бірінде футболшы ретінде алаңға қайта оралды. Бұл оның футболға деген шексіз махаббатын айқын көрсетті", — делінген.
Жол-көлік оқиғасы жұма күні Карловац қаласында орын алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, төрт жеңіл көлік соқтығысқан. Екі адам, соның ішінде Покривач оқиға орнында көз жұмды, ал тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Футболшы төменгі лигадағы "Войнич" клубындағы жаттығудан қайтып келе жатқан.
Никола Покривач 2008/2009 маусымында "Монако" сапында өнер көрсетті, сондай-ақ өз еліндегі бірнеше клубта және "РБ Зальцбург" құрамында ойнады. Ұлттық құрама сапында 14 матчқа қатысқан.
Соңғы жаңалықтар





