Чемодан ішінен танымал модельдің мәйіті табылды
1318
Колумбия астанасы Боготада 36 жастағы модель Натали Вильяльба Ангаританың мәйіті сұмдық жағдайда табылды. Әйел жалдап тұрған пәтердің жуынатын бөлмесіндегі сұр түсті чемоданнан оның дене қалдықтары шыққан, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу мәліметінше, пәтерден марқұмның жеке заттары мен екі төлқұжаты табылған. Полиция оқиғаға қатысы болуы мүмкін екі шетел азаматын іздестіріп жатыр.
Белгілі болғандай, алдымен пәтерде АҚШ-тың Техас штатынан келген ер адам болған. Кейін ол кетіп қалған. Ал 17 маусым күні модельге Ұлыбритания азаматы келген. Келесі күні оның да пәтерден шыққаны анықталған.
Бейнебақылау камералары ер адамның төсек жабдықтарын кір жуатын орынға алып бара жатқанын түсіріп алған. Қазір тергеушілер камера жазбаларын, ғимаратқа кіру-шығу журналдарын және күдіктілердің қозғалысын мұқият зерттеп жатыр.
Құқық қорғау органдары екі шетел азаматын халықаралық іздеуге жариялап, қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға кірісті.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
17:49
"Да вы что?": Қорғаныс министрлігі Қосановтың к...
25.09.2026
17:17
Жетісу облысындағы алапат өрт: үш бала тірідей ...
25.09.2026
16:44
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтар...
25.09.2026
16:34
Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шекке...
25.09.2026
15:57
Каспийдегі қайғылы оқиға: Данияр Хайрушев турал...
25.09.2026
15:47
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан ...