Дана Нұржігіттің отбасында қаралы жағдай болды

13.05.2026 10:23 Мөлдір Қайнар
Дана Нұржігіттің отбасында қаралы жағдай болды
652
Фото: видеодан скриншот

Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында нағашы ағасы Хасан Ормановтың өмірден өткенін хабарлап, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Тележүргізуші марқұм ағасының өз балалық шағымен біте қайнасқан жан болғанын айтып, оның өмір жолын еске алды. Дана Нұржігіттің сөзінше, Хасан Орманов ауылға сыйлы, өнер мен руханиятты қадірлеген азаматтардың бірі болған.

«Хасан нағашым… балалығымның куәсі… әскерден келгені, үйленгені, атамның шаңырағына ие болып, ауыл интеллигенциясының, ардагерінің алды болып, зейнетке шыққанына бір ай ғана болған еді… 5 сәуір күні ғана мерейтойын өткізіп… Соңғы көрген қуанышы екен ғой!» – деп жазды Дана Нұржігіт.

Сондай-ақ журналист нағашы ағасына деген сағынышын жеткізіп, туған-туыстарына көңіл айтты. Оның айтуынша, Хасан Орманов туған ауылының мәдени өміріне елеулі үлес қосқан жан болған.

«Нағашы ауылым қара жамылды… Кімді іздеп, кімге еркелеп барып, жиендік жасап, мауқымды басам?! Диханкөл ауылының жұртын өнерімен сусындатқан аңқылдаған ағамның аруағы қолдасын! Өнерлі ұрпағына, жары Гүлзипа жеңгеме, нағашы жұртыма қайғырып көңіл айтамын! Алдыңнан жарылқасын, Хасеке!» – деді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий