Дариға Назарбаеваның қайда жүргені белгілі болды
810
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева мен оның отбасы Кан қаласында (Франция) өткен кеште көзге түсті.
Видео Telegram-дағы каналдардың бірінде тарады.
Онда Дариға Назарбаева, ұлы Нұрәлі Әлиев пен оның әйелі Аида Әлиева, балалары Лаура, Амира мен Алан Кан қаласындағы қымбат іс-шарада жүргенін көруге болады.
Ашық дереккөздердің мәліметінше, бұл шараға қатысудың өзі арзан емес: кешке қатысамын деушілер екі адамға 33 мың еуро немесе 17,5 миллион теңге төлеуі керек.
Шарада әулеттің алты адамы жүр. Осылайша, Назарбаевтың қызы, немерелері мен шөберелері бір шараға қатысудың өзіне 52,6 миллион теңге берген болуы мүмкін.
Кан қаласындағы Knights of Charity Gala қайырымдылық шарасы Château de La Croix des Gardes in Cannes жекежайында өткен.
Кеш ұйымдастырушысы - голливуд жұлдызы Шэрон Стоун (SHARON STONE).
Қайырымдылық шарасы Монаконың қазіргі кінәзі Grace Kelly құрметіне ұйымдастырылған.
Аукционда қымбат лоттар ойнатылған.
Соңғы жаңалықтар
22.04.2026
23:27
Солтүстік Қазақстанда кәріз сорғы станциясында ...
22.04.2026
22:28
“Аса қатыгездікпен жасалған”: Қарабалиндер отба...
22.04.2026
21:24
Бақтыбек Исаев ісінен соң Атырауда жаңа полиция...
22.04.2026
20:41
«Әңгіме 4 млн баланың болашағы туралы»: Аймағам...
22.04.2026
20:09
Тоқаев Арал теңізін сақтау мәселесін халықаралы...
22.04.2026
19:01
Көкшетауда колледж қаржысын жымқырған қызметкер...