Дастан Сәтпаев Чемпионшип матчының үздік ойыншысы атанды

03.09.2026 11:25 Мөлдір ҚАЙНАР
Дастан Сәтпаев Чемпионшип матчының үздік ойыншысы атанды
283
Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпионшиптің төртінші турында өткен «Бернли» – «Мидлсбро» кездесуінің үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Sportarena.kz дерегінше, ойын Бернли қаласындағы «Терф Мур» стадионында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған. «Бернли» сапында негізгі құрамда алаңға шыққан отандасымыз матчтың 81-минутында ауыстырылды. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық футболшы ойынның үздік ойыншысы атағына ие болды.

Төрт турдан кейін қоржынында 2 ұпайы бар «Бернли» турнир кестесінде 23-орында қалып тұр. Ал 7 ұпай жинаған «Мидлсбро» үздік бестіктің қатарына жайғасқан.

Войдите, чтобы оставить комментарий