«Денемізді түгел бөртпе басты»: Бурабайда демалған отбасы дабыл қақты

25.06.2026 18:27 Қарақат АСЫЛОВА
«Денемізді түгел бөртпе басты»: Бурабайда демалған отбасы дабыл қақты
254
Отбасының шағымынан кейін Бурабай көлдерінің суы қайта тексеріледі

Ақмола облысының Көкшетау қаласында тұратын отбасы Бурабай мен Үлкен Шабақты көлдерінде демалғаннан кейін денелерінде бөртпе мен күлдіреуік пайда болғанын айтып, әлеуметтік желіде дабыл қақты, деп хабарлайды Politico.kz  сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.

Отбасы мүшелерінің айтуынша, демалыстан кейін бірнеше адамның терісінде бірдей белгілер байқалған. Әсіресе, кішкентай бала қатты зардап шегіп, дәрігерлер оған буллезді дерматит диагнозын қойған. Ұқсас белгілер баланың ата-анасы мен әжесінде де анықталған.

Желі қолданушылары бұл жағдайды қызу талқылап, кейбірі көл суының сапасына күмән келтірсе, енді бірі жағалаудағы өсімдіктерден аллергиялық реакция болуы мүмкін екенін айтты.

Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биылғы шомылу маусымы басталғалы мұндай шағымдар түспегенін мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің сөзінше, мамыр айында Бурабай ауданындағы су айдындарынан алынған сынамалар санитарлық-химиялық, бактериологиялық және паразитологиялық талаптарға толық сәйкес келген.

Соған қарамастан, әлеуметтік желідегі жарияланымнан кейін санитарлық қызмет мамандары көл суының сапасына қосымша мониторинг жүргізетінін хабарлады.

Войдите, чтобы оставить комментарий