Депутаттың үйінен алтыннан жасалған іш киім мен 57 миллион доллар табылды

03.07.2026 13:33 Мөлдір ҚАЙНАР
Депутаттың үйінен алтыннан жасалған іш киім мен 57 миллион доллар табылды
2190
Фтто: haberler.com

​Иракта жүргізілген ауқымды жемқорлыққа қарсы операция кезінде парламент депутаты Хинд әл-Аббасидің үйінен $57 млн қолма-қол ақша, 27 келі таза алтын және алтыннан жасалған іш киім табылғаны хабарланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Премьер-министр Али әл-Зейди бастаған үкіметтің бұл рейді негізінен Бағдад қаласында және басқа да өңірлерде таңсәріде өткен. Алайда тәркіленген ақша мен алтын бұйымдарға қатысты Ирак билігі әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

​Мемлекеттік қаржыны мақсатсыз пайдалану және сыбайлас жемқорлық фактілеріне қатысты кең ауқымды іс аясында қауіпсіздік күштері кемінде жеті депутат пен бірнеше жоғары лауазымды шенеунікті қосқанда, жалпы 47 күдіктіні қамауға алды. Тінту жұмыстары барысында миллиондаған доллар қолма-қол ақша, алтын, көп мөлшерде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленген.

​Сонымен қатар Ирактың Жоғарғы сот кеңесі бұрынғы мұнай министрінің орынбасарына қатысты іс бойынша шамамен $10 млн, 3 млрд ирак динарын, алтын бұйымдарды, көп мөлшерде ұзын ұңғылы қару мен 40-қа жуық жылжымайтын мүлікті қолға түсіргенін мәлімдеді.

​Үкімет басшысы Али әл-Зейди жемқорлықпен күресте ешқандай ымыра болмайтынын айтып, алдағы уақытта операциялар аясында тағы да жаңа тұлғалар жауапқа тартылуы мүмкін екенін жеткізді.

Войдите, чтобы оставить комментарий