Екі әйел 75 жастағы зейнеткерді өлтіріп, денесін құдыққа тастаған

03.07.2026 10:40 Мөлдір ҚАЙНАР
Екі әйел 75 жастағы зейнеткерді өлтіріп, денесін құдыққа тастаған
456
Фото: aquaphor.ru

Әзербайжанда 75 жастағы зейнеткердің өліміне қатысты сот өтіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға өткен жылдың 19 сәуірінде Шарур ауданындағы Оглангала ауылында болған. Жалғыз тұратын зейнеткер ауылда ауқатты адам ретінде танылған. Оның үйінде қомақты қаражат сақталатыны белгілі болған.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер зейнеткердің үйіне келген сәтін пайдаланып, оған артынан шабуыл жасаған. Әйелдің басынан бірнеше рет соққы алып, кейін тұншықтырылғаны айтылған.

Оқиғадан кейін мәйіт көрпеге оралып, ауладағы құдыққа тасталған. Сондай-ақ үйден ақша мен алтын бұйымдардың жоғалғаны анықталған. Бұдан кейін күдіктілер ауыл тұрғындарының күдігін сейілту үшін жалған ақпарат таратқан.

Құқық қорғау органдары күдіктілердің ізіне олардың бірі қысқа уақыт ішінде барлық қарызын өтегеннен кейін түскен. Жедел іздестіру шаралары кезінде қызметтік ит қылмыс болған жерді анықтап, кейін құтқарушылар құдықтағы мәйітті алып шыққан.

Сот-медициналық сараптама марқұмның бас сүйегінде бірнеше ауыр жарақат болғанын анықтады. Сарапшылар олардың әрқайсысы өлімге әкелуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Бірінші сатыдағы сот айыпталушыларды ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырған. Қазіргі таңда олардың апелляциялық шағымы қаралып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий