​«Елдің көзінше итеріп жіберетін»: Бағдат Әшімова актердің ауыр мінезі туралы айтты

03.09.2026 16:08 Мөлдір ҚАЙНАР
​«Елдің көзінше итеріп жіберетін»: Бағдат Әшімова актердің ауыр мінезі туралы айтты
1090
Фото: видеодан скриншот

​Марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова «Время» газетіне берген сұхбатында көпшілік үшін айбынды көрінетін актердің күнделікті тұрмыста қарапайым нәрселерден мүлдем хабарсыз болғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz. 

Бағдат Әшімова үйдің барлық еркектік ауыр шаруасын өзі атқарғанын мойындады.

«Ол тұрмыстық мәселелерден мүлде мақұрым болатын. Тіпті тоқ есептегішті қалай сөндіру керектігін, газ плитасын қалай қосуды да білмейтін. Сондықтан розетка жөндеу де, шүмек ауыстыру да менің мойнымда болды, тіпті үйді де өзім тұрғыздым. Ол маған жақсы сөз, жылы комплиментті де көп айтпайтын, тек "Жарайсың, қатын" дейтін. Бұл мен үшін үлкен марапат болатын», – деді ол.

Сонымен қатар ол актердің көпшілік ортадағы қатал мінезін де ашық айтты.

«Оның мінезі оңай емес еді. Өзіне тым қатты қамқорлық жасағанды, жағаласып жүргенді ұнатпайтын. Кейде елдің көзінше қолымды тартып алып немесе жай ғана итеріп жіберетін. Мұндайда көз жасымды ішке жұтып, ештеңе болмағандай жүре беретінмін. Бірақ бір күлгені немесе жылы сөзі мені қайта қанаттандыратын», – деп сыр шертті Бағдат Әшімова.

Войдите, чтобы оставить комментарий