«Міндетті болды»: Боқаев жағдайды біле тұра Қазақстанға не үшін оралғаны айтылды
Мұхит асып шетелде кәсіп бастаған белсенді Санжар Боқаевтың Қазақстанға не мақсатпен қайтып келгені белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін АҚШ-қа көшіп кеткенін мәлімдеп, жұртшылыққа наразылығын білдірген қоғам белсендісі 18 наурызда Алматыда күтпеген жерден ұсталған болатын.
Қазіргі уақытта ол ҰҚК-нің қалалық департаментіне қарасты тергеу изоляторына 2 айға қамалды және Бас прокуратураның мәліметінше аса ірі мөлшердегі алаяқтық пен топ болып заңсыз ағаш кесу баптары бойынша тергеліп жатыр.
Бүгін Алматыда Санжар Боқаевтың қамауға алынуы тақырыбында арнайы баспасөз мәслихаты өтіп, онда экобелсенді Владимир Ким көпшіліктің көкейінде жүрген басты сұраққа жауап беріп, оның елге оралу себебін түсіндірді.
«Америкада болу мерзімі аяқталған соң ол өз еліне оралуға міндетті болды, бұл визаны жаңарту процесі, яғни ол келіп мерзімді нөлге түсіруі керек, содан кейін ғана қайта бара алады. Қысқасы оның визасы бітіп қалды, бар болғаны осы», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар