Елімізде 28 адамның есімі – Қазақстан
952
Елімізде "Қазақстан" есімді 28 азамат тұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ерекше есімдерге қатысты ресми статистикасын жариялады. Бүгінгі таңда елімізде өз Отанының құрметіне Қазақстан деп аталған 28 азамат тұрады.
Бюроның ресми мәліметінше, бұл сирек есім иелері еліміздің әр өңірінде кездеседі. Олардың басым бөлігі Қарағанды - 7 адам және Ақмола - 6 адам облыстарында шоғырланған.
Басқа өңірлердегі таралуы келесідей:
- Қостанай облысы мен Астана қаласында – 3 азаматтан;
- Алматы, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – 2 адамнан;
- Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір-бір азаматтан.
Бір қызығы, осы 28 адамның ішінде тек бір ғана әйел азаматшаның есімі Қазақстан деп тіркелген.
Жас ерекшеліктеріне келетін болсақ, ең қарт Қазақстанның жасы – 92-де, ал ең жасы – 25-те.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
10:08
Ресей Қазақстанға есірткі өндіретін қылмыстық т...
15.10.2026
10:06
«Құны 33 миллион теңге»: Мөлдір Мұқановаға қымб...
15.10.2026
09:46
«Айыппұл төлейді де, кетеді»: Қамауға алынған р...
15.10.2026
09:40
Ақтөбеде параны 10 мыңнан 15 мыңға көтерген шен...
15.10.2026
09:11
«Балаларды байлап тастаған»: Ата-аналар түзету ...
15.10.2026
08:59
«Денсаулығы сыр берді»: Атырауда бұрынғы полици...