Еліміздің төл моделі уақыт тезінен өткен сенімді жүйе ретінде бағаланды

18.06.2026 16:32 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Еліміздің төл моделі уақыт тезінен өткен сенімді жүйе ретінде бағаланды
73
Фото: primeminister.kz

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Санкт-Петербургте өткен халықаралық жиында сөз сөйлеген Премьер-министр Олжас Бектеновтің мәлімдемесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, Үкімет басшысы ТМД елдерінің өкілдеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ілгерілетіп отырған «Ұлы Дала» сабақтастығы идеологиясын арнайы таныстырған.

Сарапшы атап өткендей, жаңа Конституцияның негізгі қағидаты саналатын «Заң мен Тәртіп» идеологиясы Алтын Орданың базалық принциптерімен тікелей үндеседі.

Ғазиз Әбішевтің пайымдауынша, бұл қадам арқылы Қазақстан ТМД мемлекеттеріне батыстық немесе шығыстық көшірме емес, мүлдем баламалы жаңа парадигма ұсынып отыр. Бұл – уақыт тезінен өткен және өзінің тарихи бағасын алған еліміздің төл моделі.

Саясаттанушының сөзіне сүйенсек, Қазақстан ережелерінің қарапайымдылығымен әрі сенімділігімен ерекшеленетін тартымды кеңістік құрудың жаңа идеологиялық көшбасшысына айналып келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Олжас Бектенов Ұлы Дала тарихы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгенін хабарлаған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий