Енесіне 13 рет пышақ сұғып өлтірген 22 жастағы келініне сот үкім кесті

01.09.2026 15:41 Мөлдір ҚАЙНАР
Енесіне 13 рет пышақ сұғып өлтірген 22 жастағы келініне сот үкім кесті
127
Фото: bb.lv

Әзербайжанның Лянкяран ауыр қылмыстар жөніндегі сотында енесін қатыгездікпен өлтірген 2004 жылғы Рухана Имановаға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Айыптау мәліметтеріне сүйенсек, қайғылы оқиғаға келінінің тісіне салдырған брекеті себеп болған. Келіні мен енесі Халида Манафованың арасында ұзақ уақыт бойы кикілжің болып келген. Енесі ұлы мен келінін үйден шығарып жібермек болғанымен, қаржылық қиындықтарға байланысты бұл ойы іске аспай, арадағы қарым-қатынас одан сайын ушыға түскен.

Кейінірек Рухананың күйеуінің қаражатына тісіне брекет орнатуы енесінің наразылығын тудырып, кезекті жанжалға ұласқан. Ұрыс барысында келіні асүй пышағын алып, енесіне 13 рет соққы жасаған. Алған ауыр жарақаттарынан әйел көз жұмды.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті құрықталды. Сот отырысында судья Неймат Мамедовтің төрағалығымен шешім қабылданып, сот үкімімен Рухана Иманова 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий