Ер адам алимент төлемеу үшін үш жасар қызын өлтірді
2125
Әлеуметтік желіде ер адамның алимент төлемеу үшін өз қызын өлтіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Белгілі болғандай,оқиға Өзбекстанда болған, ол бұған дейін алимент қарызы үшін 15 тәулікке қамалған.
Жазасын өтеп шыққаннан кейін ерлі-зайыпты арасындағы жанжал күшейе түскен. Мас күйінде әйелінің әкесінің үйіне барған ер адам өзімен бірге алып келген пышақпен жұбайына шабуыл жасаған.
Кейін ол 3 жасар қызына да пышақ жарақатын салған. Салдарынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмса, әйел ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған.
Оқиғадан кейін күдікті қашып кеткенімен, кейіннен ұсталған. Сот оны қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айырды.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
17:49
"Да вы что?": Қорғаныс министрлігі Қосановтың к...
25.09.2026
17:17
Жетісу облысындағы алапат өрт: үш бала тірідей ...
25.09.2026
16:44
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтар...
25.09.2026
16:34
Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шекке...
25.09.2026
15:57
Каспийдегі қайғылы оқиға: Данияр Хайрушев турал...
25.09.2026
15:47
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан ...