Ер адам әйелін ұлының көзінше 26 рет пышақтап өлтірген

Ұлыбританияда ер адам әйелімен кішкентай баласының көзінше әйелін өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Ұлыбританияның Брэдфорд қаласында 27 жастағы Габибур Масум жұбайы Кульсума Актерді қала орталығында, жеті айлық баласының көзінше 26 рет пышақтап өлтіргені үшін өмір бойына сотталды. Оқиға өткен жылы сәуірде болған. Кульсума ол кезде зорлықтан қашып, бөлек тұрып жатқан.
Сот процесінде Масумның бұрыннан әйеліне қорлық көрсетіп, пышақпен қорқытқаны, тіпті оны аңдып жүргені анықталған. Күдікті оны телефондағы бақылау қосымшасы арқылы тауып, кездесуге шыққан сәтінде шабуыл жасаған.
Сотта Масум кінәсін ішінара мойындап, бұл әрекет «абайсызда болған» деп түсіндіргенімен, әдейі адам өлтіру, қасақана қудалау, қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету баптары бойынша кінәлі деп танылды. Оған кемінде 28 жыл түрме жазасы тағайындалды.
Қаза тапқан әйелдің туыстары Кульсуманың мейірімді ана, жақсы адам болғанын айтып, Масумның әрекетін «жантүршігерлік қылмыс» деп сипаттады. Марқұмның жетім қалған баласы қазір қамқоршылыққа алынған.
Соңғы жаңалықтар





