Ер адам туған балаларын ұзақ жылдар бойы зорлап келген

Татарстанда бес баланың әкесі өз туған балаларына 15 жыл бойы сексуалдық зорлық көрсетіп келгені анықталды.
Отбасында төрт қыз және бір ұл тәрбиеленген. Күдікті ер адам тұрақты жұмысы болмағандықтан, отбасының барлық тұрмыстық ауыртпалығы анасына түскен. Алайда, анасының айтуынша, ол бұл ауыр қылмыс туралы мүлде бейхабар болған.
Тергеу мәліметтері бойынша, әкесі әрбір баласына олар алты жасқа толғаннан кейін жыныстық сипаттағы зорлық көрсетіп отырған. Жәбірленушілерге қорқытып-үркіту арқылы бұл жағдайды жасыруға мәжбүрлеген.
Қылмыс тек қыздарының бірі тұрмысқа шыққаннан кейін ғана әшкереленді. Ол өзінің күйеуіне жағдайды баяндап, кейін құқық қорғау органдарына хабар берілген. Бастапқыда күдікті кінәсін мойындағанымен, кейін бұл сөзінен бас тартқан.
Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс құқық қорғау органдарының бақылауында.
Соңғы жаңалықтар





