Ер адам туған қызының келбеті ұнамағандықтан, терезеден лақтырып жіберген

Ер адам туған қызының келбеті ұнамағандықтан, терезеден лақтырып жіберген
pixabay.com

Иркутск қаласында кәмелетке толмаған қызын азаптағаны үшін әке жауапкершілікке тартылмақ. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің аймақтық басқармасы хабарлады.

Оқиға өткен жылдың қараша айында Роза Люксембург көшесінде болған. Тергеу мәліметінше, ер адам өзіне 17 жастағы қызының сырт келбеті ұнамағандықтан, оған дене жарақатын салып, төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен итеріп жіберген.

Жасөспірім қыз көпсалалы жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізіліп, сол жерде тергеушілерге әкесінің әрекеті туралы куәлік берген.

Күдікті өз кінәсін мойындамаған, алайда ол қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, ер адамның ашу-ызасына қызының «сүйкімсіз» сыртқы бейнесі себеп болған. Қызға жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозы қойылды. Әкесі мигрант екені анықталды. Оқиғадан кейін полиция тексеру жұмыстарын ұйымдастырған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу