Ер адам жанжал кезінде әйелін терезеден лақтырып жіберген

Әзербайжанда Гусейн Кязымовтың үкімге қарсы берген шағымы бойынша сот отырысы аяқталды. Судья Рашадат Ағаевтың төрағалығымен өткен процесс барысында апелляциялық шағым қанағаттандырылмағаны жария етілді.
Еске сала кетейік, Сумғайыттың ауыр қылмыстар жөніндегі сотының үкімімен Гусейн Кязымов 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.
Абшерон аудандық прокуратурасы таратқан ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылғы 23 шілдеде таңғы сағат 07:00 шамасында Хырдалан қаласында көпқабатты үйден Айшан Кязымованың (2002 ж.т.) құлағаны туралы хабарлама түскен.
Тергеу барысында жанжал кезінде Гусейн Кязымов (2002 ж.т.) әйелін пәтер терезесінен лақтырып жібергені жөнінде негізді күдік расталды. Нәтижесінде Айшан Кязымова ауыр дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілгенімен, көз жұмған.
Осы оқиғаға байланысты Гусейн Кязымов ұсталып, қамауға алынған болатын.
Соңғы жаңалықтар





