Ер адамның асқазанынан 27 дана оттық алынды
Ресейдің Тыва Республикасындағы Кызыл қаласында дәрігерлер 56 жастағы ер адамды шұғыл түрде құтқаруға мәжбүр болды. Компьютерлік томография нәтижесінде оның асқазанында көптеген бөгде заттар жиналып қалғаны анықталған.
Медициналық мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, эндоскопиялық бөлім мамандары анестезиологтармен бірлесе отырып, жалпы наркоз арқылы науқастың асқазанынан 27 дана оттық пен бір тиынды алып шықты.
Қазіргі уақытта дәрігерлер бұл заттардың ер адамның асқазанына қалай түскенін түсіндіре алмай отыр, ал науқас қандай да бір түсініктеме беруден бас тартқан.
Мамандардың айтуынша, мұндай көлемдегі бөгде заттарды ашық ота жасамай, эндоскопиялық әдіспен алып тастау – сирек кездесетін және ерекше жағдай саналады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
23:16
Қазақстанда әскери реформа мақұлданды: сарбазда...
21.10.2026
22:39
Павлодар облысының бас әскери комиссары Бекзат ...
21.10.2026
20:47
Шымкентте есірткі іздеген полицейлер өз әріптес...
21.10.2026
20:21
Каспийге Аралдың күні тумасын: Тоқаев әлемге үн...
21.10.2026
20:13
Тоқаев Бакуде Израиль басшысымен не туралы келі...
21.10.2026
20:07
Қатармен миллиардтаған долларлық жобалар: Тоқае...