"Ештеңе керек емес маған": Жүсіп Ақшора мемлекеттік награда туралы ойын айтты
766
Танымал актер Жүсіп Ақшора мемлекеттік марапат алмауына қатысты пікір білдіріп, атақтың өзі үшін маңызды емес екенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында халықтың ықыласы кез келген марапаттан жоғары екенін жеткізді.
«Маған біреудің атақ бергені маңызды емес. "Халық әртісі" деген атақтың да қажеті жоқ. Егер халық сені танып, көшеде амандасып, бірге суретке түссе – мен үшін ең үлкен марапат сол», – деді актер.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мәдениет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары «Шаншар» театрының әртістері Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның әлі күнге дейін мемлекеттік марапат алмағанын қызу талқылаған еді.
Соңғы жаңалықтар
01.10.2026
23:20
Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арн...
01.10.2026
23:20
«Ұйықтап жатқан баланың бетін тырнады»: Ақтөбед...
01.10.2026
22:41
"Қатты ауырып, жылап жібердім". Индира Елемес қ...
01.10.2026
22:17
Ресей прокуратурасы Тимур Турловты сотқа берді:...
01.10.2026
21:14
Бейнеуде адам өліміне әкелген жол апаты: Полици...
01.10.2026
21:10
Қазір кез келген адамға есігімді ашпаймын — Роз...