Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
1616
Көкшетаудағы жантүршігерлік жол апатынан кейін қылмыстық іс қозғалды
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Көкшетауда әйелді көлікпен қағып, өліміне себеп болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға қаладағы шағынаудандардың бірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода жол талғамайтын көлік бұрылыста әйелді қағып кеткені көрінеді. Оқиғадан кейін әйел көліктің астында қалған.
Үй тұрғындарының айтуынша, көз жұмған әйел 12 жастағы баласын жалғыз тәрбиелеп келген.
Аталған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
16:44
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтар...
25.09.2026
16:34
Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шекке...
25.09.2026
15:57
Каспийдегі қайғылы оқиға: Данияр Хайрушев турал...
25.09.2026
15:47
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан ...
25.09.2026
15:30
«Әділет» партиясы әскерилердің отбасыларына көм...
25.09.2026
14:34
Каспийде аман қалған үш сарбаздың бірі жағаға ө...