Ирандағы ахуал ушықса Маңғыстауға босқындар ағылуы мүмкін бе?

05.03.2026 15:46 Мөлдір Талғат
Ирандағы ахуал ушықса Маңғыстауға босқындар ағылуы мүмкін бе?
271
Фото: коллаж POLITICO.KZ| ЖИ

ҚР Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан Ирандағы жағдай ушыға түссе, Қазақстанға босқындар келуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Депутаттың сөзінше, Иранмен теңіз арқылы шектесетін Маңғыстау облысына босқындардың келу қаупі бар. Оның айтуынша, екі елдің арасындағы теңіз жолы шамамен 550–600 шақырымды құрайды.

«Егер Ирандағы ахуал ұзақ уақытқа созылатын болса, Иранмен теңіз арқылы шектесетін Маңғыстау облысына босқындар келуі мүмкін. Тікелей теңіз арқылы есептегенде арақашықтық шамамен 550–600 шақырым болады. Біз Еуропадағы жағдайды көріп отырмыз. Африка елдерінен адамдар түрлі қайықтармен теңізді кесіп өтіп жатыр. Өкінішке қарай, олардың арасында қайғылы оқиғалар да кездеседі. Ал бұл жол одан да қысқа», – деді Абзал Құспан.

Ол Иран халқының саны шамамен 100 миллионға жуық екенін атап өтіп, егер елдегі жағдай күрделене түссе, бұл Қазақстанға да әсер етуі мүмкін екенін айтты.

«Сондықтан бұл жағдайдың мүмкіндігінше тез шешімін тауып, тараптардың келісімге келгені бәріміз үшін маңызды», – деп қосты депутат.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий