Каспийде қайғылы жағдай: Суға батып кеткен 27 жастағы жігіттің денесі табылды
275
Жабдықталмаған жағажайдағы қайғылы оқиға
Маңғыстау облысында Каспий теңізінде 27 жастағы ер адамның суға батып кету дерегі тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға Ақтау қаласынан шамамен 56 шақырым қашықтықта орналасқан жабдықталмаған жағалау аумағында болған.
Төтенше жағдай туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел жеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, кәсіби сүңгуірлер, жүзу құралдары және арнайы техника жұмылдырылды.
Құтқарушылар теңіз акваториясы мен жағалау сызығын толық тексеріп, жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын үздіксіз жалғастырып жатыр.
ТЖД мамандары тұрғындар мен туристерге жабдықталмаған және бақылаусыз жағажайларда шомылу аса қауіпті екенін ескертіп, тек ресми, қауіпсіздік талаптары сақталған және құтқарушылар кезекшілік ететін орындарды ғана таңдауға шақырды.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
21:23
Асхат Тарғын: "Мәрия арман едің" бейнебаянын Ди...
25.09.2026
21:03
Әкесі желіде тараған видеодағы сарбаздың тірі е...
25.09.2026
20:56
Нуранбекова зорланғаннан кейін туған баласы тур...
25.09.2026
20:51
«Кешіктірілмейді»: Қаза тапқан сарбаздардың отб...
25.09.2026
20:05
Танымал асаба «Сабыржан» есірткімен ұсталды дег...
25.09.2026
20:00
Танымал блогердің әйелі: 19 жасымда үш жігіт жа...