Келер жылдан бастап зейнетақы күрт өседі
Қазақстанда зейнетақы төлемдері 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға артады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Politico.kz.
Жарияланған республикалық бюджет жобасында алдағы үш жылға арналған зейнетақы төлемдерінің жаңа көлемі көрсетілген.
Жобаға сәйкес, 2027 жылдан бастап:
* Ең төменгі зейнетақы — 74 919 теңге;
* Ең төменгі базалық зейнетақы — 38 622 теңге болады.
Сондай-ақ жасына және еңбек өтіліне байланысты төленетін төлемдер де бірдей мөлшерде (8,5%) өседі. Алдағы үш жылда базалық зейнетақының орташа көрсеткіші кезең-кезеңімен ұлғаймақ: 2027 жылы — 59 мың теңге, 2028 жылы — 62,8 мың теңге, 2029 жылы — 67 мың теңгеге жеткізу көзделген.
Ал орташа ынтымақты зейнетақы мөлшері мынадай тәртіппен өседі деп күтілуде:
* 2027 жылы — 111,6 мың теңге;
* 2028 жылы — 118 мың теңге;
* 2029 жылы — 124,7 мың теңге.
Осы мақсатта зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі де жыл сайын артып, 2027 жылы 6,86 трлн теңгені құраса, 2029 жылға қарай 8 трлн теңгеге жетпек.
Айта кетейік, аталған құжат — әзірге бекітілмеген бюджет жобасы. Ол 5 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болып, кейін Парламент қарауына ұсынылады. Егер құжат қолдау тапса, жаңа мөлшерлемелер 2027 жылдың басынан күшіне енеді.
Соңғы жаңалықтар