«Кешірім сұраймын»: өзін полицейлер зорлағанын айтқан ресейлік әйел жаңа мәлімдеме жасады

01.10.2026 • 18:01 Қанат АЙБАР
«Кешірім сұраймын»: өзін полицейлер зорлағанын айтқан ресейлік әйел жаңа мәлімдеме жасады
283
Фото: Бейнеден кадр

Қонаевта екі ер адамның зорлағанын айтқан 28 жастағы Ресей азаматы Эмира Маликовна Умарбаева олардың өздерін полицей деп таныстырғанын айтып, бұрынғы сөздері үшін полициядан кешірім сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде бұл іске жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысы бар деген ақпарат тараған еді. Алматы облысының полиция департаменті оны жоққа шығарып, қылмыстық іс қозғалғанын, әйел көрсеткен екі ер адамның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Енді Умарбаева видео жариялап, өзін зорлаған адамдардың сөзіне сеніп қалғанын түсіндірді. Оның айтуынша, тергеу кезінде олардың бірінің бұрын қылмыс жасағаны анықталған.

«Полицияға айтқан барлық сөзім үшін кешірім сұраймын. Маған қате ақпарат берілді, білгенім жеткіліксіз болды. Қатты үрейленіп, күйзелісте жүрдім», деді ол.

Әйел сол кездегі жағдайын үшінші бір адам өз пайдасына пайдаланғанын да айтты.

Умарбаева жұрттан жалған ақпарат таратпауды, өзгенің қайғысын пайдаланып, танымал болуға тырыспауды сұрады. Ол полицияның іспен айналысып жатқанын, ал жанындағы білікті адвокат құқығын қорғап жүргенін жеткізіп, ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

«Не болып жатқанын айтып отырамыз. Бәрі шешіліп, кінәлілер жазасын алады деп үміттенемін», деді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий