«Кешке үйде ұрыс»: Гүлнұр Оразымбетова балалық шағындағы қызықты оқиғасын бөлісті

07.07.2026 13:12 Мөлдір ҚАЙНАР
«Кешке үйде ұрыс»: Гүлнұр Оразымбетова балалық шағындағы қызықты оқиғасын бөлісті
289
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық әнші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желідегі парақшасында балалық шағынан естелік айтып, оқырмандарымен қызықты оқиғасын бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

​Өнер иесі бала күнінде велосипед теуіп, ауыл көшесін шаңға бөлейтінін, ал анасының бұл қылығы үшін өзін жиі ұрысқанын еске алды.

​«Бала кезімде велосипед айдап, ауылдың көшесінің шаңын шығаратын едім. Кешке үйде ұлы ойбай… «Қыз бала велосипед тепкен не бәле, үйіңді жинап, сыпырмайсың ба? Ана қыз сораңдап тағы да велосипедпен кетті ме?» деп ұрысатын. Сөйткен Гүлнұр қазір велосипедті де, машинаны да жүргізе алмайды. Әке-шешеме соны айтып, бір күліп алдық. «Ұят, сені тепкішекпен сонша неге ұрдым екен?» деп анамның өзі күліп отыр. Сендерде де осындай жағдай болды ма?» – деп жазды әнші.

​Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып, өздерінің де басынан өткен ұқсас сәттерін жарыса жазуда. Жұрттар бұл жазбаға «Мәәә сол кезде шешеміз қыз бала айдауға ұят деп ұрысушы еді, недеген шектеу қыз балаға, інімнің велосипедін жылатып айдап кетуші едім», «Ия дә. Үйден бір қадым шыға қалсаң көшеге жанымызды көзімізге көрсететін», «Қазіргі жастарға рахат қой таяқ жемейді, су тасымайды, от жақпайды», «Көрші балдардың велосипедін айдап кетіп, ұрыс естігеніміз бар енді...», «Мен велсебед тебу білемін, тек тоқтай алмаймын» деп бірінен соң бірі пікір қалдырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий