“Кездесуге шақырып, несие рәсімдетті”: Астанада ер адамдарды ұрып-соғып, ақша бопсалағандар сотталды

09.10.2026 • 18:08 Қарақат АСЫЛОВА
“Кездесуге шақырып, несие рәсімдетті”: Астанада ер адамдарды ұрып-соғып, ақша бопсалағандар сотталды
280
Фото: Istock

Астанада Telegram арқылы қыздардың атын жамылып, ер адамдарды кездесуге шақырған үш азамат сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Олар жәбірленушілерді қала сыртына күштеп апарып, ұрып-соғып, ақша талап еткен.

Қылмыскерлер әлеуметтік желіде қыздар болып танысып, әлеуетті құрбандарын кездесуге шақырған. Алайда кездесуге келген ер адамдарды күштеп көлікке отырғызып, қала сыртына алып кеткен. Сол жерде оларға күш қолданып, беделіне нұқсан келтіретін бейнежазбаларды жариялаймыз деп қорқытқан.

Осылайша, қылмыстық топ үш жәбірленушіден жалпы 2,2 миллион теңге бопсалаған. Сонымен қатар олардың бірін шағын несие рәсімдеуге мәжбүрлесе, екіншісінің көлігін тартып алған.

Сот үкімімен үш айыпталушы 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталғандарға жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеу міндеттелді.

Айта кетейік, қылмыстық топтың әрекеті әлеуметтік желі арқылы танысқанда сақ болудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий