«Пайдаланып кетті»: Бағлан Әбдірайымов бұрынғы достарына өкпесін айтты
«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов кезінде атақ жинап алу үшін өнер адамдарын пайдаланып, кейін хабарсыз кеткен таныстарына ренішін білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылыққа қайта оралған сәтте «доспыз» деп тегін ән салып беруді сұрайтындардың көбейгенін ашық айтты.
«Қайтып ән айтып, шығармашылықты қолға алып едім, “Жүрсей, 1-2 ән айтып, шашбауымды көтеріп қайтсай” деген достар шығып жатыр. Баяғыда менсіз түскі ас ішпейтін бауырлар болған. Талай километрді артқа тастап, ауылдарына барып, сахна болса сахна, той болса тойына шығып, қызмет қылып жүретінбіз. Қайда сол балалар? Солардың біреуі жоқ қой. Оқырман жинап алды, танымалдылығын арттырып алды. Кәсіптері өрге домалап кеткен. Сол уақытта біз жай ғана құрал болып қалдық. Сондықтан ондайдың бәрінен өтіп қойғанбыз. Керегі жоқ» деді әнші.
Сондай-ақ Бағлан Әбдірайымов өнерпаздардың еңбегін бағалау керектігін ескертіп, бұдан былай тегін өнер көрсетпейтінін жеткізді.
«Ақшаңды бер, айналайын бауырым. Бір-екі ән айтып, шашбауыңды көтере саламыз. Бір әннің өзі кемі 500 мың теңгеге жазылады. Әр нәрсенің бағасы, құны бар» деді өнер иесі.
Соңғы жаңалықтар