Кішкентай қарындасын қуанту үшін жаз бойы жұмыс істеген бала жұртты жылатты

Кішкентай қарындасын қуанту үшін жаз бойы жұмыс істеген бала жұртты жылатты
видеодан алынған кадр

Қазақстанның жас тұрғыны жаз бойы жұмыс істеп, кіші қарындасына велосипед алып беруге ақша жинаған.

Қуанышты сәттің видеосы KopSoz телеграм арнасында жарияланды.

Бұл кішкентай қыз үшін арманның орындалуы болса, өзгелер үшін - мейірімділіктің шабыттандырарлық үлгісі болды. Өз жасында-ақ жауапкершілік пен нағыз азаматқа тән қасиеттерін көрсетіп жүр.

Жұртшылық баланың еңбокқорлығына риза болып жатыр. Кейбірі велосипедтің құнын айтып, бала еңбегі бағаланбағанын жазуда. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу