"Көбелек секілді ұш": әйел бес жастағы баласын терезеден лақтырып жіберді

Нидерландыда есірткі мен психикалық ауруларға шалдыққан әйел өз ұлын бесінші қабаттан лақтырып жіберді. Бұл туралы De Telegraaf басылымы хабарлады.
Оқиға Зютфен қаласындағы көпқабатты үйде 2024 жылдың қараша айында болған. 42 жастағы әйел мен оның бес жастағы ұлы осы үйде тұрған. Әйелдің айтуынша, оқиға кезінде ол «транс тәрізді күйде» болған. Балаға бетінен сүйіп, терезеге жақындап: «Көбелек секілді самға», — деген сөзден кейін оны 15 метр биіктіктен төмен лақтырып жіберген.
Салдарынан бала ауыр жарақат алып, өкпесі зақымданып, басқа да жарақаттар тіркелген. Дегенмен дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қалды. Бірнеше күннен кейін бала ауруханадан шығарылып, қамқорлыққа алынған отбасына тапсырылды.
Сараптама нәтижелері бойынша, күдіктіге шизофрения, посттравматикалық стресс бұзылысы, сондай-ақ есірткі мен алкогольге тәуелділік диагноздары қойылған. Медициналық және сот-психиатриялық тексеру оның қылмыс жасаған сәтте есі дұрыс болмағанын анықтады. Қазіргі таңда прокуратура осы іске байланысты үкім шығаруға дайындық жүргізіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар





