Көкшетауда ер адам алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

19.03.2026 • 14:41 Әсел МҰРАТ
Көкшетауда ер адам алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
1194
Фото: ашық дереккөз

Қаңтарда Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіге өзінің бүйрегін сату туралы хабарландыру салған, деп хабарлайды Politico.kz.

Оған Көкшетау тұрғынынан ұсыныс түскен. Ол заңсыз мәмілені әшкерелеу мақсатында полицияға ерікті түрде жәрдемдескен.

Ақпанда күдікті медициналық тексеруден өту және мәміле жасау үшін Көкшетауға барған.

Сотта ол өз кінәсін мойындады. Бүйрегін сату туралы хабарландыруды алимент бойынша берешегінің болуына байланысты жариялағанын түсіндірді.

Оған 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий