Көрші елде жемқор шенеуніктерді өлім жазасына кесу мүмкін

26.06.2026 17:11 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Көрші елде жемқор шенеуніктерді өлім жазасына кесу мүмкін
143
Фото: depositphotos.com

Ресейдің Мемлекеттік Думасында пайдакүнемдік ниетпен елдің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтірген шенеуніктерді өлім жазасына кесу туралы заң жобасы қаралмақ, деп хабарлайды DW басылымы.

«Справедливая Россия» партиясының жетекшісі Сергей Миронов бұл бастаманы түсіндіре келе, азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жемқорлық әрекеттерді мемлекетке сатқындық жасаумен теңестіру қажеттігін алға тартты. Осы мақсатта елдің Қылмыстық кодексіне қорғаныс пен қауіпсіздікке залал келтіретін жемқорлық іс-әрекеттерді жаңа қылмыс түрі ретінде енгізу ұсынылып отыр.

"Мұндай қылмыстарды тыңшылыққа және мемлекетке сатқындық жасауға теңестіріп, өлім жазасымен жазалау керек", — деді партия жетекшісі.

Айта кетейік, Ресейде 1997 жылы өлім жазасына мерзімсіз мораторий жарияланғандықтан, бұл шара қазір заң жүзінде болғанымен іс жүзінде қолданылмайды. Елде ең соңғы рет 1996 жылы Фишер лақап атымен танымал сериялық кісі өлтіруші Сергей Головкин атылған болатын. Алайда ASTRA телеграм-каналының мәліметіне сүйенсек, соңғы уақытта белгілі тележүргізуші Владимир Соловьев пен Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин де ату жазасын қайтару туралы жиі мәселе көтеріп жүр.

Айта кетейік, 1997 жылдан бері өлім жазасын қолданып келе жатқан Қытайда жақында $19 млн пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді.

Войдите, чтобы оставить комментарий