КҚК-ға жасалған шабуылдан кейін Энергетика министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады
548
Қазақстан Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 30 шілде күні Nissos Sifnos танкеріне тиеу жұмыстары кезінде жүк тиеу манифольды маңында ұшқышсыз ұшу аппаратымен (дронмен) шабуыл жасалған. Алайда қауіптің алдын алу мақсатында мұнай тиеу жұмыстары бұған дейін-ақ тоқтатылған.
Сондай-ақ тиеуге дайын тұрған Marathi танкері де дрон шабуылына ұшыраған. Оқиға КТК терминалынан 6–7 теңіз милі қашықтықта болған.
Министрліктің хабарлауынша, экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Мұнайдың төгілуіне жол берілмеген. Ал шабуыл салдарынан шыққан өрт КТК-ның үш буксирінің көмегімен толықтай сөндірілді.
Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Терминалдағы оқиғаға байланысты тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
.
Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
10:19
«Көңілдес іздеуден басқа мән таппаған адам, қош...
16.09.2026
10:10
Қазақстанда 40 жастан кейін алғаш рет тұрмысқа ...
16.09.2026
09:32
Bek Air қожайыны Нұрлан Жұмасұлтанов қамауға ал...
16.09.2026
09:31
Танымал қазақстандық әншінің үстінен қылмыстық...
16.09.2026
09:18
«Бір жан бар, сол үшін ғана»: Мәдина Сәдуақасов...
16.09.2026
08:43
Зайсанда жасөспірім әйелді балталап өлтірді