"Күнде гүл алмасақ та, тәуір өмір сүріп жүрміз": Жазира Байырбекова қазіргі психологтарды сынға алды

16.04.2025 12:05
0
31
ашық дереккөзден

Танымал әнші Жазира Байырбекова ғашықтар күніне орай Instagram парақшасында психологтар жайлы өз пікірімен бөлісті,  деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ол жары Жанболатпен бірге түскен видеоны жүктеп, астына жазба қалдырды.

"Күнде гүл сыйламаса да, көліктің есігін ашып бермесе де, тамағымды ішкен сайын рахмет айтпаса да нормально өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі психологтардың айтқанын тыңдасақ тым дұрыс өмір сүрмей жүр екенбіз. Шли үйтіп нетпей-ақ, жәй әшейін өмір сүріп жүре берейіеші. Жұлдызай айтқандай", - деді әнші.

Желі қолданушылары да бұл пікірді жақтай кетті.

"Өте орынды айтқан", "Соны айтамын. Оларды тыңдасаң әлемдегі ең бақытсыз жан екенбіз ау деп қаласың", "Психологтарды тыңдасаң ажырасасың", - деп жазды. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий