«Күйеуден, енеден сұрану біртүрлі»: Танымал коуч Роза Әшірбаеваның мәлімдемесі желіде дау туғызды
427
Белгілі коуч Роза Әшірбаеваның отбасылық қарым-қатынас пен әйелдің еркіндігіне қатысты айтқан пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.
Ол бұл туралы «Uide» жобасында қонақта болған кезде сөз қозғаған. Коучтың пікірінше, тұрмыстағы әйелдің бір жерге бару үшін өзгелерден рұқсат сұрауы орынсыз:
«Туған күнге, құрбылардың үйіне жиналғанда “енемнен сұранайыншы” дейтіндер бар. Күйеуден емес, енеден. Күйеуден сұрану деген біртүрлі емес пе», — деп ағынан жарылды ол.
Алайда маманның бұл көзқарасы көпшіліктің наразылығын тудырды. Желі қолданушылары бұл пікірді қазақы тәрбие мен отбасылық сыйластық құндылықтарына қайшы деп бағалап, коучты сынның астына алды. Бір тарап мұны үлкенді сыйлау мен ер азаматтың рұқсатын алу дәстүрі десе, екіншілері жеке шекара мен өзара сыйластықтың маңызы туралы пікір білдіріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
16:14
Үндістанда қазақстандық бапкер іздестіріліп жат...
28.09.2026
15:27
«Өз киімімді өзіңмен бірге жерлеймін»: Каспийде...
28.09.2026
15:14
Асхат Тарғын: Сүт алуға да ақша таппай қалған к...
28.09.2026
15:10
«7 ай бойы үндемедік»: Жамбылда қайтыс болған о...
28.09.2026
15:00
«Бір күнде екінші рет»: Алматыда тағы да жер сі...
28.09.2026
14:23
«Сахнадан қуылған соң тойға шықты»: Ресми айтыс...