Маңғыстауда 16 жасар қызға қатысты зорлық ісі: Іздеуде жүрген күдікті туралы жаңа деректер шықты

25.07.2026 16:29 Қарақат АСЫЛОВА
Маңғыстауда 16 жасар қызға қатысты зорлық ісі: Іздеуде жүрген күдікті туралы жаңа деректер шықты
191
Фото: Politico.kz

Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған қыздың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс ісі бойынша іздеуде жүрген күдіктінің жеке басы белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі Ажар Қартбай мәлім етті.

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасады деген айыппен бір топ адам сот алдында жауап беруде деп хабарлағанбыз.

Алайда өзге айыпталушыларға қатысты сот процесі басталғанымен, фигуранттардың бірі әлі де іздеуде. ҚР ІІМ деректері бойынша, 1983 жылы туған Мустафаев Ержан Казангалиевич іздеу жарияланған тұлға ретінде қарастырылуда.

Жәбірленуші тараптың өкілі іздеуде жүрген азаматтың қайда екені туралы кез келген ақпараты бар тұрғындарды құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.

«Әділдіктен жасырынған әрбір адам жауапкершіліктен құтыла алмайтынын түсінуі тиіс. Ерте ме, кеш пе барлығы сот алдында жауап беруі керек», — деп атап өтті Ажар Қартбай.

Войдите, чтобы оставить комментарий