Маңғыстауда ер адам кәуап сүйегіне қақалып көз жұмды
Маңғыстау облысында табиғат аясындағы демалыс кезінде ер адам қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол кәуаптың сүйегіне қақалып қалған, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға Аралбай сарқырамасы маңында болған. Ақтау қаласындағы мектептердің бірінің қызметкерлері маевкаға шыққан кезде 56 жастағы ер адам кенеттен өзін жайсыз сезінген.
Куәгерлердің айтуынша, ол кәуап жеп отырған сәтте сүйекке қақалып қалған. Оқиға орнында оған көмек көрсетуге тырысқанымен, ер адам көз жұмған.
Аталған ақпаратты Маңғыстау облысының полиция департаменті растады.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеушілер болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауда.
Полиция табиғат аясындағы демалыс кезінде азаматтарды барынша сақ болуға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...