Маңғыстауда жартастарға жазу жазған азамат жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Маңғыстауда жартастарға жазу жазған азамат жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Видеоадан кадр
Ыбықты Сайда тасқа жазу қалдырған жігітке әкімшілік іс қозғалды

Маңғыстау өңіріндегі Ыбықты Сай аумағында тасқа жазу жазып кеткен жас жігіт жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полицияның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде тараған видеодан белгісіз адамның жартастарға өз аты-жөнін және көлігінің нөмірін қалдырғаны байқалған. Тексеру барысында оның 2005 жылы туған азамат екені анықталды.

Құқық бұзушыға ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік шара қолданылып, материалдар сот қарауына жіберілді. Кейін жас жігіт тас бетіндегі жазуларды өшіріп, бүлінген орынды қалпына келтірген.

Тәртіп сақшылары тарихи және табиғи орындарға зиян келтірмеуге шақырып, мұндай нысандар халықтың ортақ мұрасы екенін атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу