"Мақсот ағадан он мың теңге аударған": Атыраудағы оқиғаға қатысты тың дерек мәлім болды
Атырау облысында бір отбасының із-түссіз жоғалып кетуіне қатысты іс қоғам назарында қалып отыр. Оқиға бойынша іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Politico.kz.
Аталған істі алғашқылардың бірі болып зерттеген журналист Жанат Молдашова жоғалып кеткен Наурыз есімді азаматқа қатысты жаңа деректерді бөлісті. Оның айтуынша, Наурыздың телефонынан жіберілген хабарламаларды нақты кім жазғаны әзірге белгісіз.
«Наурыздың телефоны арқылы біреу тек жазбаша түрде байланысқа шыққан. Сол хабарламаларда жаңа сатылған малдарды “өздерің қалаған бағаға ала беріңдер” деп жазғаны айтылып отыр. Сондай-ақ қарашаның 2-сі күні келген қыз бен күйеу баланың 5-і кеткені жөнінде мәлімет бар», – деді журналист.
Бұдан бөлек, көршісіне қарашаның 6-сы күні Наурыздың атынан «малдарыма қарап тұршы» деген хабарлама келген. Алайда көршісі қолы бос емес екенін айтып, бас тартқан. Осыдан кейін марқұм Мақсоттың банк картасынан көршіге 10 мың теңге аударылған, бірақ көршісі бұл соманы кері қайтарып жіберген.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары бұл хабарламалардың кім тарапынан жіберілгенін және отбасының жоғалуына не себеп болғанын анықтап жатыр.
Соңғы жаңалықтар