Медеу Арынбаев қуанышты жаңалығымен бөлісті
527
Әнші Медеу Арынбаев "Бүгін.live" бағдарламасында отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісіп, келесі жылы ұлын үйлендіруді жоспарлап отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, ұлының сүйген қызы бар және ол баласының жеке өміріне араласпай, жастардың таңдауына құрметпен қарайды.
"Келесі жылы ұлымды үйлендірсек деген ойымыз бар. Қазір сүйген қызы бар, екеуі жақсы араласып жүр. Барлығын өзі шешеді, мен ешқандай талап қоймаймын. Біз тек ниетімізді білдіріп, тілеулес болып отырмыз", – деді әнші.
Сондай-ақ Медеу Арынбаев жастарға әрдайым ата-ананың сенімін ақтап, өзара түсіністікпен өмір сүрудің маңызды екенін жиі айтатынын атап өтті.
"Ең бастысы – бір-бірін түсініп, өз бақыттарын бірге тапса болғаны", – деп түйіндеді ол.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
09:13
«Тампон жылжып кеткен»: Атырауда мұрнына ота жа...
11.09.2026
09:01
Еркебұлан Тоқтар жауапқа тартылды
11.09.2026
08:34
Рыбакина туралы тағы бір сүйінші хабар жетті
11.09.2026
08:17
«Қыркүйек» пен «қыргүйек» дауы вице-президентке...
10.09.2026
23:20
19 жастағы сарбаз өздігінен жүре алмай үйіне ор...
10.09.2026
22:17
Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар на...