"Мен бұлай болады деп ойламадым": Жанель Мақажанның бұрынғы күйеуі желіде жазба жариялады

25.08.2026 09:25 Мөлдір ҚАЙНАР
313
Фото: әлеуметтік желі

Актриса Жанель Мақажанның күйеуімен ажырасқаны туралы мәлімдемесінен кейін, оның экс-күйеуі Абай Асылхан әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол өзінің өнердегі жолы мен жетістіктерін еске алып, өмірдің күрес екенін жеткізді.

«Мен бұлай болады деп ойламадым. Адам болған соң, армансыз тұра алмаймыз. 4 жыл музыка саласы, 4 жыл актерлік, 2 жыл театрда қызмет ету, фильмдерге түстім. Димаш Құдайбергеннің концертін жүргізіп, кәсіпкерлер мен эксперттерге сенімді сөйлеуді үйретіп жүрмін. Иә, өмір күрес. Мұның бәрі — бұл бала Абайдың арманының орындалғаны», — деп жазды ол.

Сонымен қатар ол ринг-анонсер болу басты армандарының бірі болғанын және оған қол жеткізгенін атап өтті:

«Шаршы алаңда тұрып, мықтыларды хабарлау… Бұл жаңа деңгей! Сондықтан, арманда, әрекет ет! Арманға деген жол, ешқашан адастырмайды», — деп түйіндеді Абай Асылхан.

Войдите, чтобы оставить комментарий