Меруерт Түсіпбаева депутат болғысы келетін әріптестеріне үндеу тастады

14.07.2026 09:45 Мөлдір ҚАЙНАР
Меруерт Түсіпбаева депутат болғысы келетін әріптестеріне үндеу тастады
247
Фото: видеодан скриншот

​Әнші Меруерт Түсіпбаева жаңадан сайланатын Құрылтай және Парламент депутаттарына үндеу жасап, елдегі тасжолдар бойындағы дәретханалардың жағдайын ретке келтіруді сұрады, деп хабарлайды Politico.kz 

​Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы уақытта мандат алатын халық қалаулылары осы өзекті мәселені қолға алса деген тілегін жеткізген. Сапарға шыққан жолаушылар үшін жол бойында таза әрі қолайлы санитарлық нысан табу әлі де үлкен проблема болып отыр. Әншінің айтуынша, бұл жағдай әсіресе әйелдер, балалар, қарттар мен денсаулығында кінәраты бар жандарға қатты әсер етеді.

​"Парламентке кім депутат болса да, трасса бойындағы дәретхана мәселесін шешсе екен", – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

​Республикалық және өңірлік маңызы бар тасжолдардағы дәретханалардың сапасы бұған дейін де бірнеше рет сынға ұшыраған болатын. Желі қолданушылары да әншінің бұл пікірін қолдап, мәселенің әлі күнге дейін толық шешімін таппай келе жатқанын жарыса жазуда.

Войдите, чтобы оставить комментарий