Миллиондап айыппұл төлеген ШҚО депутаты енді пара үшін сотталмақ
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты әрі кәсіпкер Дмитрий Сомовқа қатысты пара алу ісі сотқа түсті, деп хабарлайды Politico.kz порталы Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін сот кәсіпкер мен оның әйелі құрған «Востоквзрывпром» компаниясына республикалық тасжолды қайта жөндеуді міндеттеп, «Казавтожол» ұлттық компаниясының пайдасына 26,9 млн теңге көлемінде айыппұл өндіріп алған болатын.
Депутаттың тұтқындалғаны туралы биыл ақпан айында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар қамауға алынған кезде белгілі болған еді.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәслихат депутаттарын тендерлерге жолатпау керек деген бастама көтерген болатын. Ал саясаттанушы Данияр Әшімбаев мұндай әрекеттер үшін оларды қылмыстық жауапкершілікке тартып, тіпті түрмеге жабуды ұсынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...
09.11.2026
16:34
Жамбылда есірткімен ұсталған ресейлік рэпер Nav...