Министр Саясат Нұрбек Әл-Фарабидің туған жерін қате атады
1381
Министр Саясат Нұрбек Әл-Фарабидің туған жерін Тараз деп атады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Омбы қаласында ашылған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалына барды. Бұл Қазақстанның Ресей аумағындағы алғашқы жоғары оқу орны саналады.
Қонақтарды қарсы алғандардың қатарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев та болды. Олар ресейлік әріптестерге қабылдау комиссиясының жұмысын, оқу ғимараты мен кітапхананы көрсетті.
Кездесу барысында министр Саясат Нұрбек сөз арасында ұлы ойшыл әл-Фарабиді Тараздан деп айтып, тарихи фактімен жаңсақ кеткен. Дереккөздердің айтуынша, әлемге әйгілі философтың туған жері Отырар.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
23:24
ҚАЗАҚСТАНҒА БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ: Т...
29.09.2026
22:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Путин — Орталық Азия, Еур...
29.09.2026
21:29
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерді ...
29.09.2026
20:38
Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналым...
29.09.2026
19:17
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Полиция фейк ақпар...
29.09.2026
17:47
Павлодарда кәсіпкерді аса қатыгездікпен өлтірге...