Экономика министрлігі басшыларының жұбайлары қанша табатыны жарияланды
1833
ҚР Ұлттық экономика министрлігі ведомство басшыларының жұбайлары 2024 жылғы салық кезеңіне қатысты кіріс есептерін көпшілікке жариялады, деп хабарлайды Politico.kz
Ресми құжатқа сәйкес, Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайы Сәния Садықова 2024 жылда 88 миллион 678 мың 984 теңге табыс тапқан. Бұл қаржының негізгі көзі ретінде бағалы қағаздар нарығына салынған инвестиция көрсетілген. Оған нарықтан алынған дивидендтер мен сыйақылар кіреді.

Ведомстводағы тағы бір жоғары лауазымды тұлға, Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың отбасылық бюджеті де назарға ілікті. Шенеуніктің жұбайы Гүлнұр Дарбаева 2024 жылы 69 миллион 605 мың теңге көлемінде қаржы тапты. Сәния Садықовадан айырмашылығы, Гүлнұр Қойшанқызының тапқан табысының нақты көзі декларацияда көрсетілмеген.

Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
10:04
Түркістан облысындағы зауытта танымал спортшы қ...
15.09.2026
09:23
Айжұлдыз Адайбекова жарымен түскен романтикалық...
15.09.2026
09:06
«Шәйіне дәрі қосып»: Қызылордада жаттықтырушы о...
15.09.2026
08:11
ҚҚДИ сауалнамасына қатысқандардың 86,7%-ы Прези...
15.09.2026
07:35
Семейде 15 шақты пышақ жарақатын алған оқушы ам...
15.09.2026
06:43
Ақбаян Мұқанғалиева емдеу орталығынан шыққан со...