«Мұндай болып тұрады»: Астанадағы танымал мейрамхананың тағамынан тарақан шықты
Астанадағы танымал мейрамхана дауға қалды
Астанадағы Okadzaki мейрамханаларының бірінде келуші тағамының ішінен тарақан шыққанын айтып, бұл туралы әлеуметтік желідегі Threads парақшасында жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, шағымданған кезде мейрамхана әкімшісі «мұндай болып тұрады» деп жауап берген. Сондай-ақ қызметкерлер сорпаны есепшоттан алып тастауды ұсынған.
Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланғаннан кейін, Okadzaki әкімшілігі ресми пікір білдірді. Олар асүйде ішкі тексеріс жүргізілгенін, қосымша санитарлық өңдеу қызметі шақырылғанын және барлық ішкі процестер қайта қаралғанын хабарлады.
Мейрамхана өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта зиянкестердің қайта анықталған жағдайлары тіркелмеген. Дегенмен, мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.11.2026
20:14
Қарағандыда зейнеткерді автобустан түсіріп, шаш...
24.11.2026
20:02
Сергей Ким 8,5 жылға сотталды
24.11.2026
19:21
Қазақстанда мұрагерлік құқығы қайта қаралуы мүмкін
24.11.2026
18:38
Алматылық дәрігерлер салмағы 990 грамм болып ту...
24.11.2026
17:35
Тоқаев әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия...
24.11.2026
17:24
Қостанайда жұмысшыны топырақ басып, көз жұмды