Мұрат Мұханов ТЖМ министрі ретінде ант берді

08.09.2026 11:04 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Мұрат Мұханов ТЖМ министрі ретінде ант берді
209
Фото: Бейнеден кадр

Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы Мұрат Мұқанов үкімет отырысында Конституцияға қолын қойып ант берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Жиын басында премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтің жаңа мүшелерін таныстырды. Министрлер кабинетіне Мұхтар Тілеуберді, Әлібек Қуантыров, Арман Қырықбаев және Мұрат Мұқанов қосылды.

Оларды 3 қыркүйекте Құрылтай комитеттерінің қолдауымен президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған болатын.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің бар күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімді әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастығы беделін нығайту үшін салтанатты түрде ант беремін, ант етемін», – деді Мұрат Мұқанов.

Айта кетейік бүгінгі үкімет отырысының негізгі күн тәртібі жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы жаңа тәсілдерге арналды.

Войдите, чтобы оставить комментарий