Непалдағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 734-ке жетті

30.08.2026 17:29 Қарақат АСЫЛОВА
Непалдағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 734-ке жетті
227
Ашық дереккөз

Непалда болған жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 734 адамға жетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Тағы 2 498 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.

Непалдың Ұлттық апат қаупін азайту және төтенше жағдайларды басқару басқармасының мәліметінше, Бхотекоши мен Тришули өзендеріндегі су тасқыны салдарынан бірнеше елді мекен зардап шеккен.

Жаңартылған дерек бойынша, құтқарушылар зардап шеккен аумақтардан 734 адамның мәйітін, оның ішінде адам сүйектерін тапқан. Хабар-ошарсыз кеткендердің арасында 589 шетел азаматы бар.

Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін қауіпсіз жерге 8 186 адам эвакуацияланған.

Айта кетейік, Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында Қазақстаннан барған тағы бір, үшінші турист болуы мүмкін екені белгілі болды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар оның орналасқан жерін анықтау үшін Непал және Қытайдың тиісті органдарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда.

Войдите, чтобы оставить комментарий